Меню KDT

logo.png?_=1675740965


КГУ "Сырымбетская СШ"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Алғыс айту"


    "Алғыс айту" күніне орай... Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы. Осы ниетпен, 21 ақпан күні біздің мектебімізде «Жақсылық жаса» атты Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке мақсаты: балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа және басқаларға көмек қолын беруге тәрбиелеу. Жәрмеңкеге бүкіл мектеп қатысып, оқушылар түрлі тауарларды ұсынды. Сатылымға қолдан жасалған тәттілер қойылды. Бәрі де сатылды. Әсіресе тәтті нәрселерге: бауырсақ, құймақ, самса, бәліш, тоқаштарға үлкен сұраныс болды. Жәрмеңке өте жақсы өтті деген ойдамыз. Қайырымдылық жәрмеңкесі қорытындысы бойынша жиналған қаражаттың жартысын көмек қажет ететін оқушыға , жартысы балалардың өз қажеттіліктеріне жұмсалды. Айта кетейік бұл жәрмеңке біздің мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
    21.02.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Полезные ссылки