Все новости
Сырымбеттің ең кішкентай бүлдіршіндері де күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына айрықша дайындалып музейге келді.
Көздері бал-бұл жайнап, жүздеріне күлкі үйірілген Сырымбеттің ең кішкентай бүлдіршіндері де күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына айрықша дайындалып музейге келді. Тілдері бал бүлдіршіндер мерекеге орай дайындаған ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер қойып, онымен қоса, ән мен жыр, билерін ортаға салды сонымен бірге «Мен жеңімпазбын», «Орныңды тап», «Қыз қуу» ұлттық ойындарды қызыға ойнап мәз болды. Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдіміз. Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Олай болса ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңғыратын, өмірдің жаңаратын кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
13.03.2024
0
Послание
Президента