Меню KDT

logo.png?_=1675740965


КГУ "Сырымбетская СШ"
  • kz
  • ru
  • Все новости

    ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ “ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕ БЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ”


    ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ “ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕ БЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ” ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ Тәлім- тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Осыны басшылыққа ала отырып, 25 сәуір күні Аудандық семинар Сырымбет мектебінде өте жоғары деңгейде Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен өтті. Аталған семинарға аудан көлеміндегі мектептерден сынып жетекшілер, аға тәлімгерлер, педагог-психологтар, ДТІЖО, аудандық білім бөлімінің Әдіскерлері қатысты. Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген адал азамат қалыптастыру. Семинар басынан аяғына дейін жүйелі түрде ұйымдастырылды. Келген қонақтарды мектебіміздің Ажар халық бишілері ұлттық тағам бауырсақ таратып, естелікке сыйлықтар беріп күтіп алды. Семинар барысында мектебіміздің үздік мұғалімдері шеберлік сабақтарымен бөлісіп, ашық тәрбие сағатын көрсетті. Даналық мектебі: Әжелер, Аналар, Әкелер мектебі мен Ата-аналарды қолдау орталығының жетекшілері бір жылғы іс тәжірибесімен бөлісіп, келген қонақтарға құндық ақпараттар беріп, бөлісті. Мектептің үздік спортшылары мен білім мен тәрбиеде жетіп жүрген жетістіктері бойынша және мектеп оқушыларының арнайы жасаған қолөнерлерін көрсетіліп көрме ұйымдастырылды. Ең бастысы өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа білім мен тәрбиені егіз беру, бойларына ұлттық құндылықтарды тереңінен сіңіре білу. Аудандық білім бөлімінің басшасының арнайы Сертификатымен ұстаздарымыз марапатталып, соңы мерекелік шараға ұласты. Келген қонақтарға түскі ас та таратылды. Осындай үлкен жауапкершілікті біздің мектепке тапсырғаны үшін Аудандық білім бөлімінің басшысы Баймагамбетова Балжан Шариповна мен Әдіскерлерге үлкен рахметімізді айтамыз. Алдағы уақытта да осындай шаралар бірлесе атқарамыз деген ойдамыз.
    26.05.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Полезные ссылки